ӘЧ-2018: Бельгия құрамасы Англияны жеңіп, үшінші орын алды
2018 жылғы футболдан әлем чемпионаты аяқталуға жақын қалды. Күні кеше Бельгия мен Англия құрамалары кездесіп, үшінші орынды сарапқа салды. Матч нәтижесі бойынша, Бельгия құрамасы 2:0 есебімен ағылшындарды жеңіп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Фото: Дмитрий Голубович
Кездесу Санкт-Петербургтегі стадионда өткен.
Бельгиялықтардан 4-ші минутта Тома Менье, ал 82-ші минутта Азар гол соғып, қақпашыдан айласын асыра алды.
Айта кетейік, бүгін, яғни 15 шілде күні әлем чемпионатының финалдық кездесуі өтеді. Франция мен Хорватия командалары Мәскеу уақытымен сағат 18:00-де Ресей астанасындағы “Лужники” стадионында кездеседі.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады