Әбунасыр Серіков: Ұлымды актер деп мүлде есептемеймін
Көпке белгілі актер Әбунасыр Серіков ұлы Әбілмансұр Серіковтің актерлік шеберлігі жайлы өз ойын айтты. Актер ұлына әлі де көп еңбек ету керек екенін мойындайды.
“Балама әлі көңілім толмайды. Оны актер деп есептемеймін. Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Досқан Жолжақсынов, Әмина Өмірзақоваларды нағыз актер деп атауға болады. Ал ұлыма көп еңбек ету керек”, – деді Әбінасыр Серіков Экспресс К басылыма.
Әкесінің бұл сөзін ұлы Әбілмансұр Серіков те құптады. Ол бірнеше фильмде роль сомадаса да, өзіне көңілі толмайтынын жеткізді.
“Актер ретінде өзіме көңілім толмайды. Көп іздену керек. Әлі де жұмыс істеуім қажет”, - деп жазды ол.
Ал желідегі көрермені оның актерлік шеберлігіне тәнті болып, мықты актер деп бағалады.
“Актёрлік шеберлігіңіз мықты. 5:32 фильмі жақсы түсірілген. Ұжымдарыңызға ауызбіршілік, мықты денсаулық тілеймін”, “Керемет ойнайсыз”, “Менің сүйікті актерім”, “Әкенің сын айтқаны жақсы, бала қатаяды”, “Әрине, әлі жас актер”, “Өз көрермені бар”, “Сын түзелсе, мін түзеледі”, – деп жазды желідегілер.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
