Абай облысындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватынан қайта өрт шықты
Абай облысындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватынан өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін 15 шілде күні, Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментіне "Семей орманы" Абай облысындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты қызметкерлерінен сағат 11:40-та Беген орманшылығы аумағында құрғақ шөп пен ағаштардың жануы туралы ақпарат келіп түсті (57 және 58 орамдар).
Сағат 11:52-де өрт орнына ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары, нақтырақ айтқанда облыстың ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімінің, Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамдарынан 100 адам және 20-дан астам техникасы жіберілді.
Өртті жедел сөндіруге жәрдемдесу мақсатында оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы жіберілді.
Қазіргі уақытта "Семей орманы" МОТР ақпараты бойынша өрттің алдын ала ауданы 20 га құрайды.
Ауа райы: +28 градус, солтүстік-батыс жел 16 м /с.
Өрттің жанында қазіргі уақытта "Шошқала" демалыс аймағы орналасқан. Тұрғындар арасында Төтенше жағдайлар және Полиция департаментінің күштерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Түтіндеуге байланысты демалыс аймағынан шығу ұсынылды.
Кейін төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы өрт орнына барғаны белгілі болды.