Абай облысындағы өрттен келген залал көлемі 160 миллиард теңгеге жуықтады
Экология министрлігі Абай облысындағы өрттен келтірілген залалды есептеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің, экология министрлігінің қатысуымен жүргізілген қызметтік тергеуде толық залал 165 миллиард теңгеден асқаны анықталды. Өртенген орманның ауданы – 6 миллион текше метр.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев шығын сомасы неге сонша үлкен екенін түсіндірді.
"Шындығында, ол қалай есептелді? 30 миллиард – тікелей залал, өртенген ағаш, техника кіреді, ал шамамен 130 миллиард – орманның пайдалы қасиеттерінің жоғалуы немесе төмендеуі. Тікелей келтірілген залал 160 миллиард теңге көлемінде", – деп түсіндірді Нысанбаев орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар