Абай облысында ағасының 2 миллион теңгесін ұрлап, ұтыс ойынына тіккен жиені жазаға тартылды
Абай облысында жиені ағасының телефонынан 2 миллион теңгесін ұрлап, букмекерлік кеңсенің ұтыс ойынына тігіп жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Семейде 61 жастағы ағасының жанында тұрған жиені қоңырау шалу үшін одан телефонын сұраған. Кейін PIN-кодын алып, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ мобильді қосымшасына кіріп, сол жерден шотындағы 2 миллион теңгені аударып алған.
Кейін жігіт ұрланған ақшаны букмекерлік кеңсеге тіккен.
“Сот құмар ойын әуесқойын кінәлі деп тауып, оған екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сотталған адам пробация қызметіне есепке қойылды. Үйленген, екі жасар ұлы бар екенін ескере отырып, оған әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетілді. Жұмыс квотасы бойынша электрик ретінде іске кірісті. Ол істеген ісіне өкініп, кінәсін толық мойындады", – деді пробация қызметінің аға инспекторы Назым Тоқтар.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі