Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"SIM-картаның мерзімі өтті деп хабарласады": Мамандар қазақстандықтарды алаяқтықтың жаңа түрінен сақтануға шақырды

Екібастұзда алаяқтар 63 жастағы тұрғынға SIM-картасының қолданылу мерзімі аяқталғанын айту арқылы 3 миллион теңге несие рәсімдеген. Мамандар алаяқтықтың жаңа түрінен сақтануға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото freepik

Алаяқтар алдымен әйелге SIM-картасының мерзімі аяқталатыны туралы ескерту жасап, қоңырау шалған. Жаңарту үшін хабарламадан келген кодты айтуын өтінген. Осылайша олар әйелге оңай үш миллион теңге несие рәсімдеген. 

Мамандар жаңадан пайда болған алаяқтықтың түрінен сақтануға шақырды. Деректерге сай, алаяқтар тұрғындарды SIM-карта бұғатталса, нөмірі жойылып, кейін қалпына келтіре алмай қалатынын айтып, алдайды. Ал адам бұл кодты алаяққа айтса, ол барлығына кіруге мүмкіндік алады.



“Әрі қарай алаяқтар қоңыраулар мен SMS-ті басқа нөмірге немесе SIM-картаның виртуалды нұсқасына бағыттайды. Осыдан кейін банктер несие ұйымының жеке кабинетіне кіруді растайтын кодты сұрайды. Хабарлама арқылы келген нөмірді жібереді. Олар көбіне жасырын немесе шетелдік нөмірлерден қоңырау шалады”, – деді Павлодар облысы полиция департаменті криминалдық полициясының киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы Ризабек Жанат.

Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері өңірде 652 алаяқтық тіркелген, оның ішінде 436-cы интернет-алаяқтық.

Талқылау