Қатарынан екі суицид болған жоқ: Абай облысындағы оқушы өліміне қатысты Білім басқармасы пікір білдірді
Абай облысының білім басқармасы жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауы себепті мектеп директоры мен сынып жетекшісінің қызметінен кеткенін мәлімдеді. Басқарма бір мектепте қатарынан екі суицид жағдайы орын алды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БАҚ мектепте екі суицид қатарынан болды деген ақпаратты жоққа шығарды. Жасөспірімнің ата-анасы болса, барлығы жоғары сынып оқушыларының әлімжеттігінен деп отыр. Сөздерінше, оқиға болардан бір күн бұрын төбелес орын алған екен.
Мектеп басшылығы болса, бұл баланың ол төбелеске қатыспағанын айтады.
Ал сол мектептегі өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген тағы бір бала сабаққа бармай, тығылған.
“Ол сабақта болмаған соң сынып жетекшісі іздей бастаған үйіне барып, ата-анасымен бірге іздеген. Бала сабақтан қашып қорада тығылып, сол жерде шоколад жеп отырған жерінен табылды”, – деді Абай облысы Білім басқармасының басшысы Әсем Нүскенова.
Бұл іс бойынша өзге ақпараттар әлі жарияланбаған. Тергеу жалғасуда.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”