Абай облысында орман өртінен зардап шеккендер үшін Алматыда бір күнде жарты тоннадай гуманитарлық көмек жиналды
Алматыда 12 маусым күні Абай облысындағы зардап шеккен халыққа көмек қолын созу үшін гуманитарлық қолдау жұмыстары басталған. Бір күн ішінде 420 келіден аса зат жиналған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Алматыдағы гуманитарлық қолдау көрсету мақсатында құрылған жинау пункті Байтұрсынов көшесінде орналасқан. Қабылдау уақыты таңғы 10:00-ден кешкі 19:00-ге дейін. Соған қарамастан тұрғындар өз көмектерін ұсынуда. Орталыққа 20-дан аса ерікті тартылыпты. Соңғы дерекке сүйенсек, жиналған зат көлемі жарты тоннаға жуық.
Ол қатарда азық-түлікпен қатар тыныс алу маскалары, көрпелер мен ұйықтайтын сөмкелер, гигиеналық жарақтар мен қол шамы, термос, пауэрбанктер бар. Гуманитарлық көмекті Абай облысына тасымалдау әуекомпаниясының қолдауымен жүзеге асырылмақ.
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Куәгерлер "сотталушы ішімдік ішті ме?" деген сұраққа жауап бере алмады
8 маусымдағы сот отырысына Александр Пак онлайн қатысты
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты