Абай облысында 9 жасар ұлды өгей әкесінің туысы зорлаған
Абай облысында 9 жасар ұл зорланды. Бұл туралы қоғам белсендісі Дина Таңсәрі хабарлады. "Не молчи" қорына жәбірленушінің әкесі шағымданған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, ұлын өгей әкесінің інісі зорлаған. Оқиға бала үйге телефонын қуаттауға кірген кезде болыпты. 46 жастағы күдікті баланың аузын жауып, үйдегілерді көмекке шақыруға мүмкіндік бермеген. Біреуге тіс жарса, өлтіретінін айтып қорқытқан.
Бала қарсыласқан, денесі көгерген. Полиция күдіктіні сол күні тұтқындады, тергеу жүріп жатыр.
Анықталғандай, былтыр 48 жастағы көршісі зорлаған 9 жасар қыздың анасы мына баланың әкесінің жақын туысы болып шықты.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған