Абай облысында тоғыз жасар қызды зорлаған ер адамға сот үкім шығарды
Семейде тоғыз жасар қызды зорлаған 48 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы "Не Молчи" қорының басшысы Дина Смайылова әлеуметтік желіде хабарлады.
Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты тоғыз жасар қызды зорлаған ер адамға үкім шығарды.
"Ер адам 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді", - деп жазылған хабарламада.
Жантүршігерлік оқиға 2022 жылы тамыз айында болды. Қыздың анасының айтуынша, қылмысты 48 жастағы көршісі жасаған.
Ақтөбеде жасөспірімнің ата-анасы ер адамды ұлымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсті деп айыптады
Полиция: "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр"
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі