Абай облысында 12 жастағы өгей қызын зорлаған педагог өмір бойына бас бостандығынын айырылды
Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық соты 12 жастағы өгей қызын зорлаған ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: stroi-news.ru
Соттың дерегіне сенсек, азамат С-ға қатысты кәмелетке толмаған жәбірленушіге Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігіне (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) сәйкес іс қаралды.
"Ер адам үйде шарап ішіп, жұбайының жоқтығын пайдаланып, 12 жасар өгей қызын бір стакан шарап ішуге мәжбүр етті. Біраз уақыттан кейін С диванда жатып кішкентай жәбірленуші М-ны шақырып, телефоннан фильм көруге қасына жатқызады. Осы уақытта ер адам кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы басқа әрекеттерді жасауға бағытталған қылмыстық ниет пайда болады. Осылайша кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық көрсетіп, белсенді қарсылық пен айқайына қарамастан, оның киімін шешіп, жыныстық сипаттағы әрекеттерді жасады. Жас жәбірленушіге физикалық зақым келтірді", – делінген сот хабарламасында.
Прокурор сотталушыны педагогикалық лауазымдарды атқару немесе кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдармен айналысу құқығынан өмірбойына айыруды сұрады. Сонымен қатар ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды талап етті. Сотталушы С кінәсін толығымен мойындап, істеген ісіне өкінішін білдірді.
"Сот ер адамды кінәлі деп танып, оған жазаны төтенше қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу арқылы өмір бойына бас бостандығынан айыру түрінде тағайындады және ҚР ҚК 50-бабының 2-бөлігі негізінде педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", – деді соттың баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында өгей қызын зорлады деп айыпталған азамат ақталып шыққанын жаздық. Істі прокуратура "қылмыстық құрам жоқ" деген себеппен тоқтатқан. Айта кетейік, қылмыстық істің анық-қанығына ету үшін 90 парақтан тұратын сараптама тағайындалған еді. Нәтижесінде, күдіктінің жазықсыз екені дәлелденді. Бірақ Алматы облыстық полиция департаменті шешіммен келіспей, ер адам 1 жыл бойы абақтыда отырды. Қазір ер адам ақталып, бостандыққа шықты.