Абай Бегей Тамара Асарды қарата алмай жүргенін мойындады (фото, видео)
Жұрт Абай Бегей мен Тамара Асарды баяғы-ақ жұптастырып қойған. Оған себеп қос әншінің той-томалақтардан жиі бірге көруі.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әрі қос өнер иесінің жалғыз жүргенін білетін жұрт олардың бақытты болуын қалайды.
Күні кеше Абай Бегей мен Тамара Асар бір тойда ән салды, дуэт шырқады. Әріптесімен бірге түскен суретін жүктеген Тамара Асар: “Әзіл-қалжыңы жарасқан досым, кейде екеуміз жаман “серьезный” әңгімелер айтамыз”, – деп жазды.
Мұны көрген желі оқырмандары екеуінен әдемі жұп шығатынын айтып жатты.
“Жақсы жұп болар едіңіз. Ренжімеңіз, жақсы ниетпен айтып отырмын”, – деп пікір білдірді Нұрия Сәндібаева есімді оқырман.
“Шынымен жарасыздар, қайда жүрсеңіздер де аман болыңыздар”, – деп қоштады Айымгүл есімді желі қолданушысы.
Өз кезегінде Абай Бегей расында да Тамара Асарда көңілі бар екенін білдіріп қалды.
“Сол ғой, қарамай жүр ғой”, – деп жауап берді ол өзіне тілекші болғандарға.
Алайда әнші мұны қалжың ретінде жазған болуы да мүмкін.
Жіберіп алмаңыз:
Бішкек халқына кітабын таныстырған Баян сахнада асыр салып биледі (видео)
Түріктің танымал әншісі Бурай қазақстандық тыңдармандарына тосынсый жасады (фото, видео)
Астанада түрік актерлерімен өткен кездесуде күзет шақыруға тура келді (фото)
Тоқтар Серіков Бейбіт екеуінің әнін Қуандық пен Мөлдірге сыйлады (видео)