Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жетісу” құрамасының бұрынғы футболшысы адам өлтіріп, түрмеге қамалды

Талдықорғанда  9 жылға бас бостандығынан айырылған «Жетісу» футбол командасының бұрынғы ойыншысына қатысты сот алқасының апелляциялық шешімі жарияланды.

Бұл туралы Алматы облыстық сотында хабарланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, Жетісу командасының бұрынғы футболшысы Саят Сәриев өзінің ауылдасын өлтіргені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлімі бойынша бас бостандығынан айырылған болатын. Сотта айыпталушы өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған қылмысына өкінген. Сот шешімі жариялағаннан кейін спортшы Апелляциялық кеңеске өтініш жаза отырып, жұмсақ жаза қолдану туралы жеңілдік сұраған.

«Сот шешімімен Саят Сариев 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Апелляциялық кеңес шешімімен қылмыскерге қатысты үкім өзгеріссіз қалады », – делінген Алматы облыстық сотының мәлімдемесінде.

Оқи отырыңыз:

АҚШ-тың 5 университетінен шақырту алған талдықорғандық зерек оқушы дайындығы туралы айтты

Өскеменде ойыншық тапаншамен дүкеннен 8 мың теңге ұрлаған тонаушылар видеоға түсіп қалған

Оралман терминінен бас тарту: Шешімді арнайы комиссия қабылдайды

Оралда су тасқыны: Ата-аналар балаларын мектепке көтеріп апарып жүр (фото, видео)

 

Талқылау