Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда су тасқыны: Ата-аналар балаларын мектепке көтеріп апарып жүр (фото, видео)

Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтініне қарамастан, шағын аудандарда еріген қардың сулары аяқ бастырмайды.

Светлая көшесінде тұратын аудандық ескі әуежайдың тұрғындары еріген судың зардаптарын көріп отыр. Аудан тұрғындары бұл жағдай температураның күрт өзгеруіне байланысты туындады деп санайды. Халық аулаға аққан су үйлерін басып кетеді деп қорқады. Бұл туралы Мой Город хабарлады.

«Біздің бұл ауданда тұрғанымызға ұзақ жыл болды. Жыл сайын осындай жағдай орын алады. Көктем бастала сала айнала көл болып, жүруден қаламыз. Коммуналдық шаруашылыққа ғана үміттеніп отырмыз. Өйткені мұндай еріген судың мөлшерімен тұрғындар күресе алмайды», – дейді ескі әуежай ауданының тұрғыны Светлана.

Ал Деркул ауылындағы жағдай бұдан да нашар. Өңірдің тұрғындары балаларын мектепке және балабақшаға көтеріп апарады екен. Себебі аяқ алғысыз батпақ пен судан оларды көтеріп жүру керек.

Дерқұл ауылының тұрғыны Асемнің айтуынша, олар көктем сайын судың зардаптарын шегеді. Ауылдағы су қоймаларының тереңдігі жарты метрге жетеді екен.

«Коммуналдық қызметке айтар шағымымыз жоқ. Олар тәулік бойы қар тазалап, енді суды сорып жатыр. Егер жолдарды биігірек жасайтын болса, мұндай қиындықтар орын алмас еді. Бірақ бұл туралы ұзақ уақыт армандайтын шығармыз. Көктем сайын ата-аналарымыз бен кішкентай балаларымыз үшін қорқамыз. Өйткені су басқанда тіпті жедел жәрдем де келе алмайды. Ал жеңіл көлікпен шығу мүмкін емес. Автобустардың да қатынамай жүргеніне үш күн болды. Олар автобустарды қысқартып тастағанын айтты», – деп түсіндірді Әсем.

Аудан тұрғындары күн сайын балаларын қолдарына көтеріп жүретінін айтып, шағымданды.

Ал коммуналдық қызмет өкілдері күз бен көктем келген сайын су тасқынынан ескі әуежай, Жұлдыз, Зачаганск ауылының маңы, ет өңдеу зауытының ауданы, екінші жұмыс ауылы зардап шегетін ең қауіпті аймақ екенін айтты. Бірақ, Орал қаласының әкімдігі ақпан айында су тасқынына дайын екендерін айтқан болатын.

 

Оқи отырыңыз:

Оралман терминінен бас тарту: Шешімді арнайы комиссия қабылдайды

Қызғаныштан кастрациялаған: Айыпталушы қанша жылға сотталуы мүмкін

Шымкентте халықты улаған балмұздақ дүңгіршегінің екі қызметкерінен сальмонеллез қоздырғышы табылды

 

Талқылау