9 жастағы баласын қораға қамап ұстаған талдықорғандық келіншек ата-ана құқығынан айырылды
Анасынан зорлық-зомбылық көрген Артем Лебедев кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастырылған. Сот шешімімен әйел енді ай сайын алимент төлейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Полиция отбасының тұрмысын тексеріп, екі баланың адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатқанына көз жеткізгеннен кейін сот 9 жастағы Артемнің анасы Светлана Лебедеваны ата-ана құқығынан айырды. Ол енді баласына алимент төлейді.
Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Азамат Мұхтарұлы ақша баланың атына ашылған депозит шотқа аударылатынын айтты.
“Сот баланың құқықтары туралы конвенсияға сәйкес, ата-аналар баланың тәрбиесі мен дамуына, ең жақсы мүдделеріне жауап беруіне, бала олардың негізгі қамқорлығында екенін басшылыққа ала отырып, кәмелеттік жасқа толмағанның мүддесі үшін жауапкершілікті ата-ана құқықтарынан айыру туралы талапты қанағаттандырды. Сот шешімімен олардан баланы күтіп-бағуға алимент өндіріледі. Алимент баланың атына ашылған депозит шотқа аударылады”, – деді ол.
Бұған дейін Талдықорғанда анасы 9 жасар баласын тәртіпке салу үшін қораға қамап тастағаны туралы жазған едік.