Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

82 жастағы әйел миллиардермен бірге ғарышқа аттанбақ

82 жастағы америкалық Уолли Фанк Amazon компаниясының негізін қалаушы миллиардер Джефф Безоспен бірге ғарышқа аттанады, деп хабарлайды Stan.kz ақапарат агенттігі.

Бұл туралы миллиардер өзінің Instagram парақшасында айтты. Безос жазбасында ғарышқа ұшуға әйелдің 60-шы жылдардан бері дайындалып жүргенін атап өтті.
"Одан ұзақ ешкім күткен жоқ. Дайындық аяқталғанына қарамастан, бағдарлама тоқтатылды. 13 әйелдің ешқайсысы ғарышқа ұшпады. Енді уақыт келді. Командаға қош келдіңіз, Уолли. 20 шілде күні құрметті қонағымыз ретінде бізбен бірге ұшатыныңызға қуаныштымыз", – деп жазды миллиардер.
Безос Уолли Фанктің "Меркурий-13" тобындағы ең үздіктердің бірі болғанын айтты (1960 жылдары АҚШ-тың ғарыштық бағдарламасы бойынша ұшу үшін әйел астронавттарды даярлайтын алғашқы бағдарламасы).
Ғарыштық туризм компаниясының алғашқы жолаушылары Уолли Фанк, Джефф Безос пен оның ағасы Марк Безос сондай-ақ есімі әлі жарияланбаған тағы бір жолаушы болады.
Айта кету керек, Уолли Фанк бұрын-соңды астронавт болған ең қарт адам.

 

 

 

 

Талқылау