80 күн бойы шикі ет пен жұмыртқа жеген жігіт бұл әрекетінің салдары туралы айтты
АҚШ-тың Калифорния штатының тұрғыны вегетариандықтан бас тартып, тәжірибе ретінде шикі ет пен жұмыртқаны жей бастады. Кейін ер азамат бұл әрекетінің салдары туралы айтты.
Ер адам тәжірибеге арналған Instagram аккаунтын ашқан. Парақшаның сипаттамасында америкалықтың шикі ет жеуді жоспарлағаны жазылыпты.
"Шикі өнімдерді тұтыну арқы қанша өмір сүретінімді көрейік: 5 күн бе әлде 500 күн бе?", – деп жазады ол.
Парақшадағы алғашқы жазба 2021 жылдың 23 қарашасында пайда болған.
Соңғы жазбасында америкалық бұл тәжірибесінің 80-ші күні басталғанын айтқан. Ал жарияланған видеода оның шикі балықты жей бастағаны түсірілген.
Ер адам бір күні тамақтан келетін энергияны сезінбегендіктен, диетасын өзгертуге шешім қабылдағанын айтады. Оның пікірінше, бұған дейін денсаулығы жартылай дайын өнімдерден нашарлап кеткен. 10 жылға жуық вегетариан болған америкалық шикі ет жеуге көшеді. Айтуынша, мұндай тәжірибеге қызығушылық “неге адамдар тамақ ішер алдында оны пісіреді, ал басқа тірі денелер шикідей жейді?” деген сауалдан туындаған.
Ер адам алғашында ас мәзірінің күрт өзгеруі денсаулығына кері әсер еткенін мойындайды. Дегенмен кейіннен оның жағдайы дұрысталыпты. Сөзінше, тіпті, шикі тағамдар жылдам қорытылатын болған. Ең қызығы, ер адам мұндай тамақтан жалыққан кезде буррито (мексикалық тағам – ред.) жеп тұратынын айтады.