"7 баланың анасын терезеден лақтырып жіберген": Шымкентте әйелін өлтірді деп айыпталған ер адам ұсталды
Шымкенттік ер адам балаларының көзінше 42 жастағы әйелін өлтірді деп күдікке ілінді. Полиция ер адамның ұсталғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Шолпан Ақмырзаның туыстарының архиві
Қайғылы оқиға ақпан айының басында болған. Мәліметтер бойынша, отбасының әкесі жеті баланың анасын ауыр затпен ұрып, кейін ас үйдің терезесінен лақтырып жіберген. Полиция күдіктінің қамауға алынғанын айтты.
"Полиция әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған бірқатар жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Шымкент қалалық ІІБ.
Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте мәйіті табылған әйелдің туыстары марқұмның өзіне қол салғанына сенбейтіні айтылды.
Шымкентте тұрғындар белгісіз себеппен уланып, балалар көз жұмды
27 жастағы келіншек пен қос перзенті және 15 жастағы студент қыз жалдамалы пәтерге жарты жыл бұрын көшіп келген екен
"Бір сағат сөйлесіп, 30 мың теңгемді алды": Алматы тұрғыны сауда орталығындағы әйелден сақ болуға шақырды
Автор: "Тектік түйін", қызыл іш киім туралы айтты"