Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"6 жыл депрессияда жүрдім": Нұрлан Еспанов әйеліне қойған ауыр диагнозды есіне алды

Танымал әнші Нұрлан Еспанов отбасы мен әйелінің сырқаты жайлы бүкпесіз баяндап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Подкастан скриншот

“Мотивациялық подкаст” бағдарламасында өнер иесі күйзеліске жиі түсетінін жасырмады. 

“Қиындық әркімнің басында бар. Айтылатын және айтылмайтын болып бөлінеді. Көп қиындықтарды айта бермеймін. Осыдан көп жыл бұрын әйелім қатты ауырды. Келіншегімнен айырылып қаламын ба деп қорықтым. Шетелге барып емдетіп, сырқаттан айығуын ұзақ күттік. Корея елі бізге нақты диагнозын қойып, анықтап берді. Ем-домын алып, елге қайттық. Сол алты жыл менің өмірімді күрт өзгертті. Алты жыл бойы депрессияда жүрдім. Ешкімге көрінбей, достарыммен араласпай қалдым. Тойға шығамын бірақ ойым басқа жақта тұрады. Түс көріп жүрдім. Көз алдымда келіншегім солып бара жатты. Бірнеше келі салмақ тастады. Негатив ойдың шырмауынан шыға алмай қалдым”, – деп жан сырын ақтарды әнші.   



Сондай-ақ ол қиын сәтте достарынан айырылып қалғанын да жасырмады. Бірі хат-хабар үзіп араласпай да кеткен. 

“Жалпы өзім досты іріктемеймін. Кез келген адаммен ашық-жарқын сөйлесіп кетемін. Бірақ басыңа іс түскенде шын жанашыр достарыңды іздейді екенсің. Айналамда доспын деп жүрген ер-азаматтар теріс айналған кездері де болған. Айттым ғой, алты жыл ешкіммен араласпадым деп. Сол кезде кейбір достарымды менің басымдағы жағдай алаңдатқан жоқ. Қазір оның бәрі артта қалды. Менің өмірім тек позитивтен тұрады. Ешкімге ренжімеймін. Қиын сәттен мені намаз алып шықты. Имам достарымның арқасында намаз оқып, дінді тани бастадым. Ол әрекетім менің жүрегіме тыныштық сыйлады”, – дейді әнші. 

Еске салайық, Нұрлан Еспановтың ұлы бейтаныс қызға интим хаттар жазып, басы дауға қалғанын жазған едік. 

Талқылау