Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

6 несиесі, 2 баласы бар: Нұр-Сұлтанда ер адамның биік көпірге не себепті шығып алғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан әкімдігі ер адамның елорданың орталығындағы көпірге не себепті шығып алғаны туралы айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

6 несиесі, 2 баласы бар: Нұр-Сұлтанда ер адамның биік көпірге не себепті шығып алғаны белгілі болды

Әлеуметтік даму бөлімінің басшысы Талғат Рахманберді 1991 жылы туған ер адамның үш рет қалалық әкімдікке жүгінгенін айтты.

«Бүгінге дейін қала тұрғыны әкімдікке тұрғын үй немесе жер телімін бөлуге көмек сұрап үш рет жүгінді. 9 қыркүйекте «Еңбек» бағдарламасы бойынша СҚО-ға жұмысқа орналасуға және баспана алуға көшу туралы келісімге келген. Алайда, бүгін, 12 қыркүйекте, азамат құжаттармен келмеген, ал біздің келісім бұзылған», - деп атап өтті Талғат Рахманберді.

«Бұрын біз оның жалдамалы баспана төлемін және кейбір мәселелерін шешкен болатынбыз. Бүгінгі таңда оның жалпы құны 1,3 миллион теңге болатын алты несиесі бар екенін білеміз. Азамат ауырмайды, жанұясы, екі баласы бар. тұрақты жұмыс болды, ол жерден жағымсыз себептермен шығарылды», - деп толықтырды ол.

Бұған дейін белгісіз ер адамның Есіл өзені бойындағы көпірге шығып алған видеосын жариялаған едік. 

Талқылау