6 метрлік карьер суына батып кеткен: 16 жастағы қарағандылық баланың туыстары өлімнің жазатайым болғанына сенбейді
Қарағандыда 6 метрлік карьер суына батып кеткен 16 жасар баланың туыстары оның өлімінің жазатайым оқиға екеніне сенбейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 18 маусымда болған. Туыстарының айтуынша 16 жасар Данияр Оспанов емтихан тапсырып, содан кейін қосымша жұмыс істеуге кеткен. Ал кешкі сағат 5-те қатарластарымен тас карьерге барған. Салыстырмалы түрде кішкентай шұңқыр 6 метрге дейінгі тереңдікте сумен толтырылған
Баланың қалай батып кеткені туралы деректерді куәгерлер әртүрлі жеткізуде. Бұл оның ата-анасын қатты алаңдатып отыр. Туыстары ұлдардың сол кезде жазысқан хат-хабарларын тапқаннан соң күдіктері одан сайын күшейе түскен. Баланың денесін тану телефонмен суретін көрсету арқылы жүргізілген. Отбасына киім мен шұлықтан басқа барлық заттары қайтарылған. Алайда баланың жақындары оның жұдырығының қатты қысылғанын байқағандарын айтады.
Анасының айтуынша ұлы судан қатты қорыққан және ешқашан шомылмаған. Ал полиция аталған факттердің тіркеліп, сараптама тағайындалғанын жеткізді
“Ол жақта қандай жағдай орын алғанын білмеймін. Бірақ сонда болған балалардың бәрі қорып қалған. Тіпті біреуі үрейден жылап жіберді. Ұлдардың бізге бірдеңе айтқысы келгені көрініп тұрды. Алайда полиция келгенде олар тартынып қалды. Бір қызметкер барып балаға “білмеймін деп айт, артық мәселенің керегі не”,- деген. Ал оқиға орнында болған балалардың бесіншісін белгісіз себептермен бізден жасыруда”,-деді қаза тапқан баланың әпкесі Юлия Сүлейменова.