AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Былтыр адам өлімімен аяқталған": Желі қолданушылары Алакөлде туристерге қауіпсіз орын жасалмағанын айтып, наразылық білдірді

Желі қолданушылары Абай облысы Жарбұлақ ауданы жағындағы Алакөл жағажайында туристерге қауіпсіз орын жасалмағанын айтып наразылық білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Facebook желісі

“Жыл сайын ештеңе өзгермейді. Ашуым келеді. Туристер мен қонақүй әкімшілігі судағы қауіпсіздік шаралары мәселесін көтеріп келеді. Катамаран, катер, скутер иелері қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзады. Жағаға қарай тым жақындап келіп, демалушыларға кедергі келтіреді.

Әкімдік жылдар бойы жүргіншілерін айлағын жасаймыз деп уәде етеді. Алайда айлақ әлі де жасалған жоқ. Қалтқы бірде бар, бірде жоқ”, – дейді желі қолданушысы Нурика Ошақбаева.

Соның салдарынан жыл сайын Төтенше жағдай болады дейді желі қолданушылары. Тіпті мұндай бейқамдық былтыр бұл адам өлімімен аяқталған дейді.

“Катер иелері – бөлек әңгіме. Олар мұнда өзге адамдарды, өз қайығымен келгендерді кіргізбейді. Соған қарағанда полициямен келісімге келіп, ақша табуға кедергі келтірмеуді сұрап жатқан сияқты. Себебі онда полиция әрекетсіздігін қалай түсіндіруге болады?”, – деп жазды желі қолданушысы. 

Дегенмен облыс әкімдігінде жағдайдың реттеліп жатқанын хабарлады. 

“Бүгінде Алакөл көлінің жағалауында қайықтарға, скутерлерге және басқа да су көліктеріне арналған арнайы орындар бар. Қазіргі уақытта көлік полициясы белгіленген алаңнан асатын және дұрыс емес жерлерде тоқтайтын қайықтардың иелеріне айыппұл салуда”,  – деді Үржар ауданы әкімдігінде.

Еске салайық, былтыр Шығыс Қазақстан облысында Алакөл демалыс орнында гидроцикл үрлемелі матрасқа соғылып, салдарынан 40 жастағы азамат көз жұмды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр