"6-8 ай бұрын сатып алу керек": FlyArystan билеттердің қымбаттығын сынаған депутатқа жауап берді
Қазақстандық лоукостер FlyArystan әуе компаниясы депутаттың әуе билеттерінің қымбаттығына қатысты сынынан кейін мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Әуе компаниясы іске қосылғаннан кейін 2019 жылдың көктем-жаз маусымына ең төменгі тарифтегі билеттер ұшу күнінен 2-4 апта бұрын сатылатын. 4 жылдан кейін статистика күрт өзгерді және қазір барлық бағыттарға арзан билеттерді алдын ала сатып алу мерзімі 6-8 айды құрайды. Сондықтан жолаушылар орындардың көп бөлігін осы жаз айларына жылдың басында сатып алып қойған.
Айта кетейік, 2019 жылдан бастап билеттің ең төменгі бағасы өзгерген жоқ, тек жолаушылардың ьилет сатып алу дағдысы өзгерді: олардың саны көбейіп, сапарларын ертерек жоспарлай бастады", – делінген компания мәлімдемесінде.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды