Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

5G – Қазақстанда коммуникацияның жаңа буыны қалай дамуда

Tele2/Altel жоспарланған мерзімнен әлдеқайда озып, 5G-ді қарқынды орнатуда. Компания қазір бастапқыда 2024 жылдың наурызына болжаған нәтижеге жетіп қалды. Нәтижесінде елімізде жаңа технология бойынша 360-тан астам базалық станциялар іске қосылды. Соңғы айларда Tele2/Altel орташа жылдамдықпен аптасына 30 жаңа орынға бесінші буын технологиясын салуда.

Жаңа технологияға бірте-бірте көшу қажеттілігінің негізгі себебі мобильді трафиктің белсенді өсуіне байланысты. GSMA Intelligence дерекетері бойынша, әлемде 2022 жылдың соңында бір абонентке орташа тұтыну 12 ГБ болған. Ал Қазақстанда бұл 17,2 ГБ-ты құрайды. Бұл соңғы жылдардағы тұрақты үрдіс. 2019 жылы біздің елдегі ұялы байланыс 60%-ға, 2022 жылы тағы 21%-ға өскен. Яғни бұл жүктеме ұялы байланыс желілеріне қатты әсер етеді. Осы тұста қазақстандықтарды тұтынудың қолайлы деңгейімен қамтамасыз ету үшін 5G-ді енгізу тиімді шешімге айналады.

Мобильді деректер жылдамдығындағы үлкен айырмашылықтан басқа, 5G желісінің қоғам үшін маңызды ерекшеліктері бар. Мәселен, бұл көпшілкке ақпараттың, байланыс пен қызметтің жаһандық ағындарына қосылуға мүмкіндік беріп, жалпы ішкі өнімге тағы 1,5 триллион доллар қосуы мүмкін. Сонымен қатар, технология жаңа сервистердің дамуына тағы бір серпін береді. Ал қазақстандық таланттылар уақыт өткен сайын әлемде танымал болып, еліміздің әлемдік аренадағы оң имиджіне үлес қосады.

Бүгінде Астана мен Алматы қалалары технологиямен кеңінен қамтылған. Ал 5G бойынша құрылыс Павлодар, Петропавл, Семей, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Шымкент, Түркістан, Өскемен, Тараз және Жезқазған қалаларында қарқынды жүргізілуде. Tele2/Altel операторы 5G-ді дамытуға инвестиция салып қана қоймай, қолданыстағы желілерді жаңғырту бойынша белсенді жұмыс істеуде. Компания өзінің отыз жылға жуық тәжірибесін байланыс және интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етуде пайдаланады. Дәл осы Altel 2012 жылы жоғары жылдамдықты төртінші буын 2G мен 3G желілерін бірінші болып іске қосып, тұрғындарға қолжетімді еткен еді. Ол кезде бұл желілерді коммерциялық пайдалану әлемнің 51 елінде ғана тіркелген болатын. Бұл мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікке, базар алаңдарына, видеохостинг пен онлайн банкингке дейін цифрландыруды дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Телекоммуникация саласындағы өзінің үлкен тәжірибесі мен әлеуетін пайдалана отырып, компания барлық ықтимал жағдайларды ескере отырып, 5G базалық станцияларын салады. Технологияны толықтай енгізу желілерге жүктемені айтарлықтай азайтып, өткізу қабілеттілігін арттырады және қажетті трафик көлемін қамтамасыз етеді.

Талқылау