Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

52 жастағы қаңғыбас Кембридж университетіне оқуға түсті

Үйсіз-күйсіз жүрген 52 жастағы Джефф Эдвардс Кембридж университетіне оқуға түсті.

Джефф Эдвардс Кембридж көшісінде газет сатып жүріп ересектерге арналған Хьюз Холл колледжіне оқуға түсті. Ол енді ағылшын тілін үйренеді.

Джефф Эдвардс Кембриджге ауылшаруашылық жұмыстарын істеу үшін Ливерпульден келген. Алайда қысқартуға ұшыраған.

«Мен көп уақыт бойы үйсіз-күйсіз жүрдім. Кейіннен Кембридж көшесінде Big Issue газетін сатып жүрдім. Бұл жұмыс менің өзіме деген сенімімді қайта қалыпна келтірді. Өмірімді өзгерткім келді. Сондықтан білім алғаным дұрыс деп шештім. Сөйтіп ашық есік болатын күні Кембридж университетінің аймақтың колледжіне бардым», – дейді ол.

Джефф ақырында тегін курсқа түкен. Эдвардстің айтуынша, ол бала күнінен Уиндем мен Керуактың кітаптарын оқып өскен.

«Бәрі мені жақсы қабылдады. Жасыма байланысты аздап ұялатынмын. Бірақ оқу мені жасартып бара жатқандай. Маған жастармен әңгімелескен ұнайды», – дейді ол.

«Кембридж университетіне оқуға түсу – менің арманым еді. Бірнәрсені зерттегенді жақсы көрем. Бірақ менің отбасымда ешкім ЖОО-да оқыған емес. Кембридж университеті – бұл өмірге үлкен қадам жасау. Мен осыған қол жеткізгеніме сене алар емеспін», – дейді Джефф.

Тағы да оқыңыз:

Филиппин президенті Трамптың айтқанын орындап ән айтып берді

Түрмеде намаз оқыған сотталушылардың жыныс мүшесіне ыстық су құйып азаптаған

 

Талқылау