500 мың теңгелік шапанымен мақтанған Әбдіжаппар Әлқожа Димаштың алдын орап кеткенін айтты
Белгілі әнші Әбдіжаппар Әлқожа “Түнгі студия” бағдарламасында қымбат шапанды қалай иеленгенін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/abdizhappar_alkozha/kudaibergenov.dimash
“Ағамыз дизайнерлік киімдерін подиумға шығарып жатыр екен. Суретін көріп қалып: “Сатыла ма?” деп сұрасам: “Сатылады, бірақ Димаш Құдайбергеновтың администраторы осы шапанды аламыз деп айтып қойып еді” деді. “Димаш” дегенде қызығушылығым одан сайын артып кетті. Бағасы 500 мың теңге екен. Сөйтіп жарты ақшасын салып жібердім де: “Димашқа табылады ғой. Ол кісіде таңдау көп қой. Менің көңілім ауып тұр, алайыншы” деп қолқа тастап, шапанды алып алдым”, – дейді Әбдіжаппар Әлқожа.
Айта кетейік, бұған дейін Роза Әлқожа інісінің туған күнінде келінін жылатып қойған болатын.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"