"500 мың теңге": Мөлдір Әуелбекова сұлулығының сырын ашты
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова тән сұлулығының құпиясын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/moldir.auyelbekova/
Өнер иесі оқырман қауымды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Әнші орамал тағып, намаз оқыса да боянғанды жақсы көретінін жасырмады.
“Менің бет күтіміне арналған жиынтығымның бағасы – 450-500 мың теңге. Оның ішінде бет жуатын гель, крем, бет сүртетін сұйықтық кіреді. Дене күтімінен ақша аямаймын. Көп жерде бөлісіп, көрсете бермеймін. Өйткені “қымбат” дер ұрсасыздар. Намаз оқып, орамал тақсам да өзіме боянған қатты ұнайды. Сұлулығымның сыры – ішкі жан-дүниемде. Бақытты адам әрдайым айналасына тек шуақ шашып жүреді, – деп жауап берді әнші.
-
Қазақстандық косметика дүкені әйелдерге соққы ізін қалай жасыруға болатынын айтып, видео түсірді
-
Дәрігер ешқандай отасыз және инъекциясыз сұлулықты сақтаудың 8 әдісімен бөлісті
Сонымен қатар эстрада жұлдызы жасын сұрағандарды да назардан тыс қалдырмады. Одан кейін екі рет тұрмыс құрған өнер иесі тағы да тұрмыс құруға қарсы емес екенін айтты.
“19 санына тағы 19-ды қоссаңыз, менің жасым шығады. Екі рет тұрмыс құрып сәтсіз аяқталса да, үшінші рет тұрмыс құруға қарсы емеспін. Мендей сұлуға жалғыз жүруге болмайды”, – деп жазды өнер иесі.
Еске салайық, әншінің екі күйеуімен де араласпайтынын жазған едік.