Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"500 деген психологиялық сан": Ұлттық банк басшысы доллар бағамына экономист ретінде қарауды ұсынды

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының өзгеруіне қатысты бағаның өсу мүмкіндігі жайлы айтып берді. Сондай-ақ ол валюта нарығына математика тұрғысынан қараған жөн дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тимур Сүлейменов брифинг барысында доллар бағамының 500 теңгеден асуы “психологиялық сандар” екенін айтты. 

“Түсінемін, 500 деген психиологиялық сандар. Бірақ математик, экономист, тіпті бизнесмен ретінде қарасаң, өзгеріс тек 2%”, – дейді Сүлейменов. 

Ұлттық банк төрағасы жағдайдың керісінше болғанын қалайтынын жеткізді. Сондай-ақ баға бірден көтерілмейді деп сендірді. Айтуынша, Қазақстан азық-түліктің барлық санаты бойынша қамтамасыз етілген. 


"1 доллар 600 теңгеге жетуі керек": Экономистер доллардың өсуі Қазақстанға қалай әсер ететінін айтты


Сондай-ақ Тимур Сүлейменов Қазақстан экономикасының ілгерілей түскенін мәлімдеді. 10 айда қысқамерзімді экономикалық көрсеткіш 5,3% болған. 

“Тағы да айтқым келеді, 500 деген санға тірелудің керегі жоқ. Доллар бағамы 498 -495 теңге төңірегінде үш апта тұрды. Қазір 507 теңге көлемінде. Есептеп көрейікші, 497, 498 және 507. Айырмашылық 10 теңге, 500 теңгенің 10 теңгесі дегеніміз 2% ғана”, – дейді Ұлттық банк төрағасы. 

Талқылау