"50 шақты адам келген": Роза Рымбаеваның Ақтаудағы концерті желіде қызу талқыланды
ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева Ақтауға гастрольдік сапармен барды. Алайда концерттің болатыны алдын ала хабарланса да, көрермен жиналмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан кадр
Өнер иесі Амал мерекесі күні қарсаңында Маңғыстау өңірін аралады. Алайда сол күні 112 қызметі облыстың барлық тұрғынына жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жететін жел соғатыны туралы ескерту жолдаған. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, өнер иесі ашық аспан астында концерт берді.
“Концертті өткізбейік дегенбіз, бірақ Роза Рымбаева үзілді-кесілді бас тартты. Ақтаулықтар қашаннан мықты адамдар, олар бұл қаланы ыстықта, қақаған аязда, қатты желде және сусыз даланың арасында тұрғызған. Сондықтан бұл концерт ақтаулықтарға құрмет", – дейді ұйымдастырушылар.
-
"Бұрынғы жігітіммен сотта кездесеміз": Анна Данченконың жазбасы көпшілікті ойландырып қойды
-
"Бірге уақыт өткізбейміз": Жарқынай Ханайым бұрынғы күйеуімен қандай қарым-қатынаста екенін айтты
Қатты желге қарамастан концертке 50-ге жуық қала тұрғыны жиналды. Желі қолданушылары түрлі пікір жаудырып жатыр.
“Көрісу күні болып, үйімізге қонақ шақырып қойдық”, “Концерт уақыты сәйкес келмеді”, “Ауызашар уақытында концерт бере ме?”, “Тегін палау десе ауа райына қарамай баратын еді” деп жазып жатыр оқырман қауым.
Еске салайық, Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртастың Павлодар қаласында өнер көрсетуіне 10 миллион теңге жұмсалатынын жазған едік.