Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

5 жылда бірде-бір ажырасу болған жоқ: Түркістан облысының ауыл тұрғындары алкогольден толық бас тартты

Жетісай ауданы Алмалы ауылында 6 жыл бұрын маскүнемдікпен күрес басталып, тұрғындар алкогольдік өнімдерден толық бас тартқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar сайтына сілтеме беріп.

алкоголь

Ауылда спирт өнімдерінен бас тарту идеясын жергілікті ақсақалдар ұсынды. Ауыл тұрғындары оны бірауыздан қолдады. Дүкен сөрелерінен алкоголь мен темекі жоғалып кетті. Мұндай әрекет ажырасу мен қылмыс деңгейін жоққа шығарды. Жыл басынан бері бірде-бір тонау және ұрлық әрекеттері тіркелген жоқ, ал соңғы бес жыл ішінде бірде-бір отбасы ажырасқан жоқ.

"Алмалы ауылында төбелес болмайды. Отбасы арасында ажырасу жоқ. Егер қандай да бір мәселелер болса, ақсақалдармен шешеміз. Бұл жастардың жақсы өмір сүруі өсуі үшін жасалған" – дейді ауыл биі Төлепбай Саратов.

Сатушылар денсаулыққа зиянды тауарларды жастар үшін сөрелерден алып тастағанын түсіндіреді.

Ауыл халқы таңертеңнен кешке дейін үй жұмыстарымен айналысады және жаман әдеттерге уақыттары жоқ. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ішімдіксіз өтетін мерекелер алкоголь болатын жиындарға қарағанда қызықты өтеді. Келесі күні таңертең отырыстан жаман әсер қалмайды.

Талқылау