Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынбек Қабатов мас күйде ұшақта шу шығарғаны үшін 5 тәулікке қамалды

Танымал әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатов ұшақта бейәдеп сөз айтқаны үшін жазаға тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/tursynbek_kabatov_resmi/

ҚР Жоғарғы сотында хабарланғандай, әзілкешке ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды.

"Астана қалалық Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыпталған адамға қатысты істі қарады (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі). Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы ұшақ бортында мас күйінде әдепсіз сөздер айтқан", –  делінген хабарламада.

Сотта ол бордсеріктің нашар қызметіне көңілі толмайтынын айтып, оларға өз ескертуін білдірген. Ол өзінің әдепсіз сөз айтқаны немесе айтпағаны есінде жоқ екенін алға тартқан, бірақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кешірім сұраған.

Куә (аға бордсерік) құқық бұзушының ұшақ бортында мас күйінде болғанын және әдепсіз сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзғанын растаған.

Құқық бұзушының кінәсі куәнің айғақтарымен, жолаушыны полицияға беру актісімен, бейнежазбамен және медициналық сараптама қорытындысымен расталады.

ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінің санкциясында 20 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу көзделген. Сот жасалған іс-әрекеттің көлемі мен сипатын, қоғамға теріс әсер ететін және қоғамды сыйламаушылықты көрсетуге бағытталған, лайықсыз мінез-құлықпен көрінетін құқыққа қарсы мінез-құлықтың жалғасуын ескере отырып жаза тағайындады. 

Әзілкеш бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ және оған шағым жасауға болады.

Талқылау