Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайға сәби сатқандардың даулы ісінде қазақстандық әйелдің есімі аталды

Мәскеудегі пәтерлердің бірінен бес сәби табылды. Суррогат аналардың балаларды «сату үшін» дүниеге әкелгені туралы хабарланды. Күдікті әйелдердің кім екені белгілі болды.

бала саудасы

Ресейде суррогат аналар бес сәбиді дүниеге әкелді, деп хабарлайды РЕН ТВ. Әйелдер арасында - үш Қытай азаматы, бір ресейлік әйел және бір қазақстандық әйел бар.

Еске салсақ, 23 маусымда полицияға пәтерде кішкентай балалардың бар екені туралы хабарлама түскен. Қоңырауға келген тәртіп сақшылары пәтерде сәбилерді тапты. Олардың ең кішісінің өмірге келгеніне 5 күн ғана болған. Үлкені 3 айлық. Сондай-ақ сәбилерді күткен екі Қытай азаматы анықталды.

Пәтерден қытай тілінде жазылған балалардың құжаттары табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, сәбилер шетелде сатуға дайындалған.

"Хабарларға сәйкес, сәбилер Ресейде суррогат ана ретінде дүниеге келген. Әйелдер арасында Қытай азаматтары Чжэн Юйцинь, Тан Нин, Э Сян, орыс әйел Екатерина К. және Қазақстан азаматы Жуадыр Әнуарбекова», - деп хабарлайды телеарна.

Балалар ауруханаға жіберілді. Аталған фактіге қатысты адам саудасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Талқылау