"5 минут отырып, шығып кеткен": Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-дан 1 балл алған оқушыға қатысты мәлімдеме жасады
Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-дан бір ғана балл алған оқушыға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Коллаж Stan.kz
Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова ҰБТ-да мұндай нәтиженің тіркелгенін растады.
"Біз бұл баланың ол нәтижеге дейін де ҰБТ тапсырып, 90 балдан жоғары нәтиже көрсеткенін хабарлаған едік. Бір ұпай жинаған оқушы ҰБТ-да небәрі бес минут отырып, шығып кеткен. Сәйкесінше осындай нәтиже болды. Бұл туралы оқушы өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жазды", – деді орталық өкілі.
Алматы облысында ҰБТ-дан 140 балл жинаған оқушыға көлік сыйға берілді
Бұл ретте орталық өкілі бұл нәтиженің Қазақстан бойынша жалғыз жағдай екенін атап өтті
"Бір ұпай жинаған бір ғана түлек бар, одан басқа мұндай төмен нәтиже жоқ", – деді Наужан Дидарбекова.
Еске салсақ, бұған дейін желіде ҰБТ-дан 1 балл жинаған қазақстандық түлектің видеосы тарағаны туралы жазған едік.