"48 жылдан кейін көрсетті": Ақбота Керімбекова балалық шағын есіне алды
Танымал әнші Ақбота Керімбекова анасының ерекше сақтаған затын көрсетіп, балалық шағын есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/botakerim/
Өнер иесі өзін орап, перзентханадан шығарған көрпесін көрсетті.
“Біздің заман бөлек заман ғой. Бұйырғанды жейсің, табылғанды киесің. Мені перзентханадан шығарарда табылғаны осы көк көрпе (қазіргі тілде конверт) болыпты. Кеше нағашыларыма нәрестенің қуанышына барғанбыз, анам осыны көрсетіп тұр ғой. Мен отырмын 48 жылдан кейін “неге қызыл емес?” деп даулап. Естелік деген осы екен. “Мінезің жігіттердікіндей” дейтіндер, неге олай екенін енді ұққан шығарсыздар, иә?”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, сәби күндеріне киген киімдері мен заттарын жарыса жазып жатыр.
“Осындай конвертті менің енем де сақтаған. Жолдасымнан қалыпты. Төрт баламды да сол көрпеге орап алып шықтым”, “Анаңыз ұл туамын деп ойлаған шығар?!”, “Ол кезде ұл немесе қыз екенін ажыратпайтын” деп жазып жатыр оқырман қауым.
Еске салайық, Ақбота Керімбекова осыдан 35 жыл бұрынғы сәтті есіне алғанын жазған едік.