+46°С-қа дейін ыстық: "Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады
“Қазгидромет” мамандары Қазақстан бойынша 2022 жылдың 23-25 шілдесіне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер мәліметінше, еліміздің оңтүстігі және оңтүстік-шығысында аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Республика аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауады. 25 шілдеде елдің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Еліміздің оңтүстік-шығысында ғана кезең бойы жауын-шашынсыз ауа райы болмақ, солайша Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.
Күндізгі уақытта республиканың батыс жартысында ауа температурасы +27 +42°С-тан +23 +35°С-қа дейін төмендейді. Ал ауа температурасының аздап көтерілуі елдің солтүстік-батыс, орталық өңірлерінде күтіледі: мұнда термометрлер + 25 +38°С белгісіне жетеді.
Республиканың солтүстігінде, шығысында болса температуралық фон +22 +30°С-қа, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +34 + 46°С дейін өте қатты ыстық сақталады.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық