42500 теңге төлемге өтініш берудің жаңа әдісі пайда болды
Қазақстандықтар екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы 42 500 теңге төлеуге өтінім бере алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ, өтінімдерді мына мекен-жай бойынша беруге болады:
- Egov.kz порталы;
- 42500.enbek.kz сайты;
- Telegram боттары;
- Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы.
Өтінімдер порталдары 1 қыркүйекке дейін ашық.
42 500-ге кім өтінім бере алады:
- жұмыс берушілер - жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген жалдамалы қызметкерлер үшін;
- карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты қызметі шектелген жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар - өздері үшін.
17 шілдеден бастап портал ЖК-ден, МӨШ шарттары бойынша жұмыс істейтін және жеке практикамен айналысатын тұлғалардан (адвокаттар, нотариустар, медиаторлар) өтініштер қабылдайды.
18 шілдеден бастап БЖТ төлеушілерден, ал 19 шілдеден бастап жұмыс берушілерден 42 500 теңге төлеуге өтініштерді қабылдау басталды.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты