Жұмыс берушілер үшін 42500 теңге төлемге өтінімдер қабылдау басталды
19 шілдеден бастап жұмыс берушілер үшін 42500 теңге төлеуге өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Олар жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген қызметкерлердің атынан өтініш береді.
"Өз қызметкерлеріне өтінім беретін жұмыс берушілер (заңды және жеке тұлғалар) үшін өтінімдерді қабылдау eGov.kz және 42500.enbek.kz порталдарында 2020 жылдың 19 шілде күні сағат 10.00-ден басталды", - делінген 42500.enbek.kz сайтында.
Өтінімдер жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген жалдамалы қызметкерлер үшін беріледі.
Белгілі бір кезеңге әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарының болуы туралы талап алынып тасталды.
Қызметкерлер басшылықтың өтініш бергенін-бермегенін тексеріп, өтініш мәртебесін қадағалай алады.
- Шілдеде 42500 теңге кімдерге берілетіні белгілі болды
- 42500 теңгені алу: Өтінімді тексеру қызметі іске қосылды
Аймақтық және қалалық штабтар деңгейінде кәсіпорынның карантинге байланысты жұмысын тоқтата тұрғаны тексеріледі.
Егер кірісін жоғалтпаған қызметкерге 42 500 теңге төленген болса, онда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры компания басшылығына шағымдануға құқылы.
Өтінімдер порталдары 1 қыркүйекке дейін ашық.
17 шілдеден бастап портал ЖК-ден, МӨШ шарттары бойынша жұмыс істейтін және жеке практикамен айналысатын тұлғалардан (адвокаттар, нотариустар, медиаторлар) өтініштер қабылдайды.
18 шілдеден бастап БЖТ төлеушілерден 42 500 теңге төлеуге өтініштерді қабылдау eGov.kz порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және Айту платформасы, сондай-ақ 18 telegram-боттар арқылы жүзеге асырылады.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
