Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

42500 теңге не үшін тағайындалмайды - Вице-министр негізгі 3 себепті атады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Нариман Мұқышев 42 500 теңге жәрдемақының тағайындалмауының негізгі 3 себебін атады,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Біріншіден, өтініште жеке сәйкестендіру нөмерінің (ЖСН) қате толтырылуы. Мұндай өтініш шамамен 160 мыңды құрайды. Мұндай жағдайда өтінішті қайта беруге болады", - деп жазды ол Instagram парақшасында. 

Вице-министрдің жазуынша, екінші себеп - мемлекеттік органдар мен ұйым қызметкерлерінің өтінішті мақұлдамауы.

"Үшіншіден, кейбір санатты азаматтардың әлеуметтік аударымдарының болмауы", - деді Нариман Мұқышев.

Сөзінше, осы уақытқа дейін 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек алу үшін өтініш берген шамамен 930 қазақстандық шот нөмерлерін көрсетпеген немесе IBAN жазу кезінде қателіктер жіберген.

"800 мың өтінішті банкпен бірге анализ жасап, ақша аударудың тетіктерін пысықтадық. Ал қалған 130 өтініш берушінің IBAN табылмады. Оларға СМС хабарлама жіберіп, шотты дұрыс көрсету қажеттігі ескертілді", - деді вице-министр.

 

Талқылау