Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"42500 теңге неге барлық азаматқа берілмейді?": Министр көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді

Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Біржан Нұрымбетов 42500 теңге жәрдемақы неліктен барлық азаматқа бірдей берілмейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Неге 42 500 теңге барлық азаматқа бірдей берілмейді? Енді осыны түсіндіріп берейін. Төтенше жағдайға байланысты үкімет тарапынан біраз көмек қарастырылды, қарастырылып жатыр да. Бір жағынан несиелер, салықтар, қарыздар шегерілді. Зейнетақы мен жәрдемақы тоқтаған жоқ. Олар қайта ұлғайды. Жаңа қаражат төленгенге дейін сәуір айын төлеп қойғанбыз. Сондықтан зейнетақы мен жәрдемақыны көтерілген мөлшерін мамыр айында сәуірдегі қосылған үстемемен бірге төленеді. Халықтың әлжуаз топтарына коммуналдық шығындарды өтеуге 15 мыңнан төлем енгізілді. Оны да осы жерге тиісті мамандар келіп түсіндіреді. Азық-түлік жағынан да көмек қарастырылды", - деді министр ОКҚ-де өткен брифингте.

Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, осындай көмектердің қатарына табысынан айырылғандарға 42500 теңге жәрдемақыны беру де кіреді.

"Сондықтан бұл бөлек төлем болғаннан кейін оның шарттары бар. Негізгі шарты - алып жүрген жалақыңыздан, тауып жүрген табысыңыздан төтенше жағдай салдарынан айырылған жағдайда төленетін төлем", - деді ол.


Талқылау