Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел өзінің бұрынғы сыныптасына 40 жыл өткен соң бір бүйрегін берді

Америкалық тұрғын өзінің сыныптасы әрі мектеп бірге кешіне барған досына бір бүйрегін берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

40 жыл бұрын Калифорния штатында Виталино Салера және Роза Валенсуэла есімді сыныптастар мектеп кешінде жұп болып, сол кештің патшасы мен патшайымы атанған. Алайда олар мектепті бітірген соң араласпай кеткен. Тек 15 жылдан кейн олар Салераның тойында кездесіпті: ер азамат Валенсуэланың жақын құрбысына үйленіпті. 

Бірнеше жылдан кейін, ер азамат қан диабетінің кесірінен бүйрек ауруына шалдыққан. Дәрігерлер оның бүйрегін ауыстыру қажет екендігін айтыпты. 

Алайда оның еш туысының қаны сәйкес келмей, Салераның үміті үзіле бастапты. Сол кезде Валенсуэла өзінің бұрынғы сыныптасына бір бүйрегін беремін деп шешкен. 

"Біздің жағдай басқаларына сабақ болады деп үміттенемін", - депті Салера.

Ота жаслаған екі сыныптасытың жағдайы жақсы көрінеді. Дәрігерлер олардың тез сауығып келе жатқандығын жеткізді. 

 

Талқылау