Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"40 жыл бұрын ісік пайда болған": Асхат Тарғын әкесінің денсаулығына алаңдайтынын жеткізді

Хит әндердің орындаушысы, әнші Асхат Тарғын әкесінің денсаулығына алаңдаған жұртқа алғыс білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/askhat_targin/

Өнер иесі әкесінің ұзақ уақыттан бері дертпен күресіп жүргенін мойындады. 

"Әкемнің мойын жағына бір ісік пайда болған еді. 40 жылдан бері бар. Сол уақыт өте үлкейіп, тыныс алуы ауырлап жүр еді. Не де болса өзі тәуекел етіп, ота жасаттық. Аллаға сансыз шүкір ота сәтті шықты. Жағдайы жақсы. Кеше емханадан үйге шықты. Ата-анамызды тірісінде құрметтейік, ағайын", – деп жазды әнші. 



Айта кетейік, Асхат Тарғын жолдасы Әлияның блогерлікпен айналысуына қарсы емес екенін айтқан еді. 

“Менің келіншегім баламен үйде отырғасын блогерлікті қолға алып жатыр. Мен тек қолдаймын. Негізгі мамандығы – техникалық бағыт. Қ.Сәтбаев университетінің магистратурасын бітірген. Автоматтандыру және басқару. Қазір үйде болғасын, парақшасын дамытып түрлі контент жасап жүр. Әйелдің тапқанынан гөрі ер адамның тапқаны берекелі болады емес пе?! Менен көп табыс таппауы керек, бірақ тауып жатса, несібесі деп бағалаймын. Блогер болғасын күн сайын парақшасын дамытып, ізденіп отыруы керек. Бірақ мен оған идея бермеймін. Менде ондай әлеуметтік желіде белсенді болудың құпиясын айтатын қабілет жоқ. Өзінің таңдап жүрген бағыты. Қолынан келсе, қонышынан басқаны дұрыс. Бір ғана нәрсе айтып отырамын: ешкімге зияның тиіп кетпесін. Қазір 1000 адам қатыстырып 1 машина ойнатады. Сол дұрыс емес. Оңай келген ақша, оңай кетеді. Сондай дүниелерге араласпа деймін. Өзім де жарнама жасап, халықтың обалына қалғым келмейді”, – деген еді өнер иесі. 

Еске салсақ, бұған дейін Асхат Тарғын мен Кенжебек Жанәбіловке біреудің туындысын сатқан "композитордың" ұсталғанын жазған едік. 

Талқылау