Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"40 минут бойы тұтқаны көтермеді": Әнші Меруерт Түсіпбаева жедел жәрдем қызметіне шүйлікті

Танымал әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева еліміздегі жедел жәрдем қызметіне көңілі толмайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқыс оқиға әншінің өз үйінде болған. Ол жеке парақшасында мән-жайды айтып берді. 

“Достарым!! Әл-Фараби Гагарина көшесіндегі үйімде, бір жұмысшы 3 саусағын бірдей кесіп алып, мені шақырды. Мен біздің қаламыз Алматыда, жедел жәрдемді шақыру сонша қиын екенін білмеппін!! 40 мин бойы , мүлдем телефон тұтқасын бір жан болмады көтеретін. Содан, жұмысшының өміріне қауіп төніп тұрған соң, бір сағаттай хабарласа алмай, ауруханаға өз көлігіммен апардым. Розыбакиев көшесінің бойындағы жедел жәрдем станциясына да хабарластым. +7 (727) 376-58-99 бір айел, 3 мин мені тыңдады да телефон тұтқасын қоя салды. Бұл мемлекетте тәртіп орнай ма, жоқ па?! Сұмдық қой?! Ақыры мүлдем тел көтермеді?! Біз не үшін салық төлеп отырмыз?! Жұмыс істемесе Алматы қаласының жедел жәрдем бастығы орнын босатпай ма?! Телефондары жұмыс істемей ме?!”, – деп ренжіді.

Қаланың қақ ортасындағы мекенжайға жедел жәрдемнің келмеуіне қатты таңғалған.

“Гагарин көшесі, 330 мекенжайына келмеді. Мен түсінем, қаланың шеті болып, жете алмай қалса. Алматы1, Думан, Алтын орда жақта тұратын адамдар шақырса не болады?!. Олар өле беруі керек пе, жедел жәрдемге жетпей”, – деді әнші.  

Өнер иесінің оқырмандары да жедел жәрдемге шағым-арыздарын жарыса жазып жатыр. “Дұрыс айтасыз, Меруерт ханым, салық, МӘМС қайда кетіп жатыр?!. Ел қызылша болып жатыр жаппай, медицинамыз не болды?!. Жұрт Ташкент асып ем іздеп жүр”, “Міне дәлел, қарапайым халық айтса сенбейтін еді, өтірік деп. Танымал жұлдыздардың өзі шақыра алмай жатыр. Нұрланып бітіп едік, Кемелденіп жатырмыз бақыттан басымыз айналып... Ұят қой”, “Қазір алдына 9 санын қосып тереді”, “Шақырту көп болғасын қолдары тимей жатқан болар, жұмыстары оңай емес” деп жазды желі қолданушылары. 

 

Талқылау