Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"4 жылда 346 мың ғана төлеген": Белгілі заңгер Абай Бегейдің қызы салықты дұрыс төлемегенін әшкереледі

Танымал заңгер Нұрсұлтан Орынбеков заңсыз лотерея ойнатып жүр деп айыптаған әнші Абай Бегейдің қызының тағы бірі ісін ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/abai_begei/

Заңгердің айтуынша, жеке кәсіпкер болып тіркелген Гүлеркем Ниязқұлова 2021 жылдан бері өте аз мөлшерде салық төлеген. 

“Салықтан жалтару – қылмыстық іс. ҚР Қылмыстық кодексінің 244 бабы – Азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтаруы. Абай Бегейдің қызына қатысты іс сотқа жеткенін айттық. ИП Ниязқұлова 2021 жылдан бері 346 мың ғана салық төлеген. Салық төлеп жатырмыз деп өздері де айтып жүр. Егер заңды түрде лотерея ойнатуға рұқсат қағазы болмаса, заң бұзған болып есептеледі. Өздері де лотерея ойнатқан сайын, “300-400 миллион табамыз” деп мақтанып жүр. Үш жылда 346 мың теңге төлеу әділ ме? Салық төлемі бойынша ресми құжатты ел алдына көрсетуді сұраймыз”, – деді заңгер. 



Айта кетейік, Абай Бегей блогер қызы Гүлеркем Ниязқұловаға қатысты іске қатыстырған заңгерге ренішін жеткізген еді. 

“Ол менің қызым болғанымен, мен оның тірліктеріне араласпаймын. Тікелей қызыммен байланысса болар еді. Тұрмыс құрған, күйеуі мен бала-шағасы бар. Басқа қыздарыма қатысты мәселе болғанда араласушы едім. Өйткені олармен бірге тұрамыз, бой жетіп, тұрмыс құрғанша менің жауапкершілігімде болады. Әкесі танымал адам деп, оңды-солды кез келген жерге мені белгілей берген. Заң білмейтін заңгер ме?!”, – деген еді әнші. 

Еске салайық, "Әкімшілік жауапкершілікке тартылады" деп Төреғали Төреәлі заңсыз лотерея ойнататын блогерлерге қарсы шыққан еді. 

 

Талқылау