-35°С суып, біресе +15°С жылиды: Ақпанда еліміздің ауа райы құбылмалы болады
Ақпанда елімізде ауа райы құбылып, бірде күн жылып, кейде аяз болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Ақпанның басында солтүстік-батыс циклонының әсерінен бұлтты ауа райы болады. Қар жауып, көктайғақ және жаңбыр, елдің солтүстік жартысында бұрқасын болады деген болжам бар. Республика бойынша екпінді жел соғады, тұман түседі, көктайғақ болады.
Республиканың батысы мен оңтүстігінде күн жылиды, күндіз 0,+10°С-қа дейін жетеді. Ал елдің солтүстік жартысында түнде -2-7°С-қа дейін, күндіз -4+1°С-қа дейін болады.
Еліміздің шығысы және орталығында ауа температурасы түнде -12-20°С, күндіз 0,-8°C болады деп болжанды.
Бірінші онкүндікте Қазақстанда Салехард облысынан келетін суық антициклонның әсерінен ауа температурасы төмендейді. Мәселен солтүстік аймақта түнде -28-35°С-қа дейін, күндіз -20-25°С-қа дейін, оңтүстікте түнде -13-20°С, күндіз -5-12°С-қа дейін суық болады.
Ақпанның екінші және үшінші онкүндігінде аязды күндер азайып, күн жыли түседі. Бірақ қар жауып, тұман, көктайғақ болады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы тауларда қатты жауын-шашын болуы мүмкін.
Антицилонның суық желі әсерінен қарқынды суық толқындар болжанды. Бұл күндері ауа температурасы төмендейді:
- Елдің солтүстік жартысында және орталығында түнде -25-35°С-қа дейін, күндіз -15-25°С-қа дейін;
- республиканың оңтүстік жартысы мен оңтүстік-батысында түнде -12-22°С, күндіз -3-15°С-қа дейін.
Циклондық белсенділік кезеңінде ауа температурасы жоғарылайды:
- Қазақстанның солтүстік жартысында күндіз -5+3°С-қа дейін,
- Республиканың оңтүстік жартысы мен оңтүстік-батысында күндіз +5+15°С-қа дейін.