Қазақстандықтар қаржы пирамидасына сеніп пәтерлерін рәсімдеп берген
Фото: freepik.com
Семейде "Rakhat0425" қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды – екі күдікті қамауға алынып, үшіншісіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдерінің мәлімдеуінше, қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар тұрғындардан қаражат тартып, мемлекеттік сатып алуға қатысы бар жалған инвестициялық жобаға 30% дивиденд уәде еткен. Нәтижесінде 350 адамнан 790 миллион теңгеден астам қаражат жиналған.
Сондай-ақ ведомство мәліметінше, күдіктілер тұрғындарды пәтерін төмен бағамен беруге көндіріп, кейін оларды үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген. Бұл мүлік "инвестициялық жарна" ретінде бағаланған.
"Қазір екі күдікті қамауға алынып, үшіншісіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", – деп мәлімдеді ҚМА өкілдері.
Алматы әкімдігі автобус парктеріне 15 миллиард теңгеден астам қарыз: Автобустар қысқара ма
Жолаушылар тасымалы субсидияның кешіктірілуіне байланысты мәселе көтерген
Қазақстандық компаниялардың акциясы соңғы 5 жылда қалай өзгерді
Қазақстандық компаниялар аймақтағы ірі бизнес рейтингінде де алдыңғы қатарда