"+30°C-қа дейін жылиды": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

"Қазгидромет" 26-28 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері ел аймақтарында жауын-шашынсыз, жылы ауа райы болжануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше, елдің басым бөлігінде кең антициклон ықпалынан құрғақ ауа райы болады.
Тек Қазақстанның батысында жаңбыр жауады, түнде найзағай болжанған. Ал 28 наурызда Маңғыстау облысында нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстанда 26 наурызда, Шығыс Қазақстанда 27-28 наурызда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанды. Республикада тұман болып, солтүстікте және шығыста көктайғақ болады.
Ауа температурасы:
- Батыс пен солтүстік-батыста күндіз 15–25 градусқа дейін жылы болады;
- Солтүстік пен шығыста 10–17 градусқа дейін жылы;
- Орталықта 13–24 градусқа дейін жылы;
- Оңтүстікте 21–30 градусқа дейін жылы;
- Оңтүстік-шығыста 18–27 градусқа дейін жылы;
- Таулы аймақтарда 10–15 градусқа дейін жылы болады.
Алматыдағы танымал демалыс орнында адамдар нәжіс аралас бассейнге түскен: Мұның денсаулыққа қандай қаупі бар?
Желі қолданушысы мұндай жағдайда бассейн жұмысын уақытша тоқтатып, санитарлық өңдеу жүргізілуі керек деп есептейтінін жеткізді
Әйелін электр сымымен қылқындырып өлтірмек болған қазақстандық жеңіл жазамен құтылды
Сот: "Жәбірленушінің мойнындағы сырылған жарақаттар денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соқпаған дене жарақаттары ретінде бағаланды"