"30 жерден пышақтаған": Ақтөбеде дүкеншіні жауыздықпен өлтірген нашақорларға сот үкімі шықты
Ақтөбеде дүкеншіні отыз жерден пышақтан жауыздықпен өлтірген нашақорларға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Екі жігіт жеті ай бұрын Бадамша ауылындағы дүкенге шабуыл жасаған. Дүкенші Феруза Пірманованы отыз жерден пышақтап, жауыздықпен өлтірген. Марқұмның алтындарын шешіп алып, кассадағы 150 мың теңгені алып кеткен.
Сот жасаған қылмыстарының ауырлығына орай Марат Жүсіповті 20 жылға, ал Александр Каневті 16 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, олар түзету мекемесінде нашақорлық пен маскүнемдіктен мәжбүрлі емделетін болады.
Бірақ марқұм болған Феруза Пірманованың жақындарының үкімге көңілі толмай отыр.
"Негізі өмір бойыға жіберу керек еді. Ең строгий наказание сол болар еді. Басқа айтарым жоқ", - деді марқұмның жары Тілектес Пірманов.
Айта кетейік, сотталушылар марқұмның отбасына 9 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтеуі тиіс.
Талқылау
Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді
1990 жылы 25 қазанда еліміздің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған
"9 жаста етеккірі келіп, мастурбация жасайды": Қазақстандық ата-аналар балаларындағы ерте жыныстық жетілу белгілеріне алаңдаушылық білдірді
Маман: “Ата-аналар баласының желіден не көріп жүргенін бақыламайды”