Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"30 жастағы жігіт автобуспен жүреді": Желіде Роза коучтың қыздарға айтқан кеңесі дауға ұласты

Танымал коуч, психолог, эксперт Роза Әшірбаева оқырмандарымен сырласып, түрлі сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/roza.coach/

Желі қолданушыларының бірі 30 жастағы жігіттің автобуспен жүруіне қатысты көзқарасын сұрады. 

“Жасы 30-ға толған еркек үй алу үшін ақша жинап автобуспен жүрсе, түсінуге болады. Ал егер ақшасын оңды-солды шашып, түк бітірмей автобуспен жүрсе, онда мәселе болады. Кейбір жігіттер бар сондай. Айлығын үш күнде жаратып, ішіп-жеп құртып тастайды. Бәрі бірдей емес. 30 немесе 35 жасқа жеткенде бизнес ашу үшін тірнектеп ақша жинап, үй алу үшін депозитке құйып жатса, ондай жігіттерге “жарайсың!” деп қана айтамыз. 30 жасында ешқандай жетістікке жетпеу, ауыз толтырып айтатын заты болмайтын ер азамат болу – ұят! Қыздарға қарағанда жігіттердің қолы бос. Студент кездерінде түк ойламай жүреді. Сосын көзді ашып-жұмғанша 30 жасқа толғанын сезбей қалады. Мақсаты айқын болуы керек”, – деді коуч. 



Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылып, психологты сынап тастады. Олар қоғамдық көлікке кім мінсе де, өзі біледі деп жазып жатыр.

“Тең-теңімен жүрсін”, “Жақсы көрген жігітті автобуспен жүресің деп тастап кетпейтін шығар?”, “Роза осы жолы артық қылам деп, тыртық қылды”, “Ақыл айттым деп отырсың ба?”, “30-дан асқан жігіт самокатпен жүрсе де, өзі біледі”, “Талқылайтын басқа мәселе жоқ па?”, “Автобусқа ақшасы бар, соған қуану керек”, “Кейбір жігіттердің үйі жоқ, ол ұят емес”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.

Еске салайық, Роза Әшірбаева кинопродюсер Гүлнұр Мамасариповамен ұрысып қалғанын жасырмады. 

 

Талқылау