30-40 мың теңге: Қазақстандықтар вакцина төлқұжатын сатып алуда
Әлеуметтік желілер вакцинация төлқұжаттарын сату туралы хабарландыруларға толды. eGOV интеграциясымен “Ashyq” қосымшасында жасыл түске қол жеткізу үшін рубль және биткоиндермен сауда жасау керек. Бағалар әртүрлі, тіпті жеңілдіктер де бар. Бірақ қазақстандықтар үшін баға жоғары, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.
Саудагерлер, тіпті клиенттердің көптігіне байланысты барлық өтініштерді өңдеуге үлгермей жатқандарын мәлімдеді. Бағалар – 30-дан 40 мың теңгеге дейін, бірақ төлем рубльмен және биткоиндермен қабылданады. Өйткені деректерді eGOV-қа енгізу қажет. Бұл ретте 50% алдын ала төлем мен барлық құжаттардың көшірмесін сұрайды.
Полиция олардың алаяқтар екенін ескертеді. Олар ақша жымқырып, құжаттарыңызға несие рәсімдейді. Полиция оларды бақылау мүмкін емес екенін айтады.
“Жалған вакцинация төлқұжаттарын өткізген жағдайда, адамдарға ҚР ҚК 385-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі адамдар екі жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе айырылуы мүмкін. Жалған құжатты пайдаланғаны үшін осы баптың үшінші бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, оны жасағаны үшін кінәлі 40 тәулікке дейін қамауға алынады”, – деді ШҚО ПД анықтау басқармасының бөлім басшысы Шәміл Жанлосанова.