Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

3 келі есірткіні газдалған сусынға ерітіп шекарадан алып өткен: Шымкентте Ауғанстан азаматы сотталды

Шымкентте Ауғанстан азаматына есірткі контрабандасы бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Шымкент қалалық сотының мәліметінше, сотталушы өзінің басқа жерлестерімен бірге жүк көлігімен салмағы 3 келіден асатын метамфетаминді "Кола" сусынына ерітіп, заңсыз Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткізген.

Сотталушыны Шымкент қалалық ұлттық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері аталмыш психотроптық заттарды сату мақсатында Ресейге алып бара жатқан жерінде ұстаған. Сараптама нәтижесінде сұйықтықтағы тыйым салынған заттардың концентрациясы 80%-дан жоғары екені анықталды.


Бишімбаевқа тамақ арқылы есірткі тасымалдаған – Ішкі істер министрлігі ақпаратқа қатысты пікір білдірді


Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындап, жазасын жеңілдетуді сұрады. Сот оны 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. 

Бұл ретте сот, сотталушының асырауында жас балалардың болуын және шын жүректен өкінуін жеңілдететін, ал қылмыстардың қайталануын ауырлататын мән-жай деп таныды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін есірткіні құрманың ішіне салып Қазақстанға әкелмек болғандар ұсталғаны туралы жазған едік. 

Талқылау